Әскери қызметші жанып жатқан үйден 15 адамды алып шықты

0
1 031

Ғимараттан 79 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.


Әскери қызметші жанып жатқан үйден 15 адамды алып шықты

ERNUR.KZ. Семейде әскери қызметші жанып жатқан үйден 15 адамды алып шықты. Қызыл жалынның ортасына қаймықпай кірген батыл жігіт жатақхананың он бес шақты тұрғынын сыртқа шығарып үлгерген, деп жазады ktk.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің бірінде жұмыс істейтін әскери қызметші ефрейтор Қуандық Қанатов түнгі сағат 2-де жанып жатқан үйдің тұрғындарын эвакуациялауға қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында шығып, екінші қабатты да шарпыған. Осы үйде тұратын ефрейтор Қ. Қанатов ерлік танытып, қызметі барысында өрт қауіпсіздігі бойынша алған біліктілігінің арқасында өрт сөндіруге және өртке оранған ғимараттан 15 адамды алып шығуға көмектесті.

«Менің орнымда кім болсын осылай істеуші еді. Біз мұндай жағдайда бір-бірімізге көмектесіп, абдырап қалмауымыз керек. Біз жаттығу кезінде ұрыс алаңынан жаралы әріптестерімізді құтқаруда талай мәрте жаттыққанбыз. Бұл менің әскери міндетім және азаматтық борышым», - деді Қуандық Қанатов.