Асхана иесіне намаз бөлмесі үшін айыппұл салынды

0
1 320

Намазханада асхана иесінің өзі мен келушілер құлшылық еткен


Асхана иесіне намаз бөлмесі үшін айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Атырау облысында сот намаз бөлмесі үшін асхана иесіне айппұл салып, 3 айға жұмысын тоқтатуға шешім қабылдады, деп жазады Stan.kz.

Құлсары қаласында асхана иесі рұқсатсыз намазхана ашқаны үшін істі болды. Намазханада асхана иесінің өзі мен келушілер құлшылық еткен.

“Айыпталушың заң бұзғаны үшін кінәсі толығымен дәлелденіп, 120 250 теңге айыппұл салынды. Асхана жұмысын 3 айға тоқтатады”, – дейді аудандық соттаың баспасөз қызметі.

Бұл заңбұзушылықты облыстық діни экстремизммен күрес департаментінің полицейлері тексеріс жүргізу кезінде анықталды.