Асхат Аймағамбетов Аяз атаның артынан қуған балаға хат пен сыйлықтар жолдады

0
796

Әлеуметтік желіде Аяз атаның артынан қуған мектеп оқушысының видеосы тараған еді. Кейін видео кейіпкері Алтай қаласының №6 мектебінің 3-сынып оқушысы Дмитрий Головень екені белгілі болды.


Асхат Аймағамбетов Аяз атаның артынан қуған балаға хат пен сыйлықтар жолдады

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ШҚО-да Аяз атаның артынан қуған үшінші сынып оқушысына сыйлықтар мен хат жолдады, деп жазады Stan.kz.

окушы

Әлеуметтік желіде Аяз атаның артынан қуған мектеп оқушысының видеосы тараған еді. Кейін видео кейіпкері Алтай қаласының №6 мектебінің 3-сынып оқушысы Дмитрий Головень екені белгілі болды.

Бұл оқиғадан кейін Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына хат жолдап, Жаңа жылмен құттықтады.

"Құрметті Дмитрий! Қала ортасында жүрген Аяз атамен қатты кездескің келген секілді. Сұрастыра келе, сенің бір жыл бойы жақсы оқығаныңды білдім. Мұғалімдер де сенің белсенді әрі жауапкершілігі мол бала екеніңді айтты. Естуімше, Аяз атамен кездесіп, сыйлыққа тәттілер алған екенсің. Сені келе жатқан Жаңа жылмен құттықтағым келеді. Алған бетіңнен қайтпай, мақсаттарыңа жете бер!", - деп жазды министр.

Аймағамбетов оқушыға кітаптарды сыйға тартып, көп кітап оқуға кеңес берді. Сонымен қатар тәттілер мен ойыншықтар да сыйлаған.