​Астана - Душанбе арасына жаңа әуе бағыты ашылады

0
1 082

2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап, қазақстандық SCAT әуе компаниясы Астанадан Тәжікстан астанасы Душанбеге жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.


​Астана - Душанбе арасына жаңа әуе бағыты ашылады

2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап, қазақстандық SCAT әуе компаниясы Астанадан Тәжікстан астанасы Душанбеге жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Азаматтық авиация комитетінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Бұл – екі елдің авиациялық билік органдарының және SCAT әуе компаниясының сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияларының және екіжақты келіссөздер аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болды. Жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосатын болады.

Астана - Душанбе - Астана бағыты бойынша рейстераптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері CRJ-200 типті ұшақпен орындалады. Осы бағыттағы әуе билеттерінің сатылымы басталды. Билеттерді SCAT әуе компаниясының веб-сайтынан немесе әуе билеттерін сату агенттіктерінен сатып алуға болады.