Астана әкімі бокстан әлем чемпиондарына пәтер кілтін табыс етті

0
634

Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді.


Астана әкімі бокстан әлем чемпиондарына пәтер кілтін табыс етті

ERNUR.KZ. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бокстан әлем чемпиондарына пәтер кілті табыс етті, деп жазады sputnik.kz.

Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді.
"Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай алтын жүлдегер атанды! Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық. Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр! Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін!" – деп жазды елорда әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, бокстан Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай жеңімпаз атанды және Дулат Бекбауов күміс медальді иемденді.