Астана әуежайында 50 келіден астам бауырсақ таратылды

0
890

Үрмелі оркестр музыканттары халықтық-патриоттық әуендерді, әскери марштарды және танымал хит әндердің әуенін орындады.


Астана әуежайында 50 келіден астам бауырсақ таратылды

ERNUR.KZ. Астана халықаралық әуежайында жолаушыларға бауырсақ таратылды, деп жазады sputnik.kz.

"Наурыз мейрамы – жамандықтың бәрі ескі жылда қалатынын, ал көктемде қуаныш пен жақсылық қайта жандануын білдіреді. Бір сағат ішінде 50 келіден астам бауырсақ таратылып, әуежайға келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін музыка ойнап тұр", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Ведомстводағылар күні кеше әуе айлағының жолаушылары үшін орталық әскери оркестр мен Қорғаныс министрлігінің құрмет күзетінің ротасы Наурыз мейрамымен құттықтап, арнайы музыка орындағанын айтты. Үрмелі оркестр музыканттары халықтық-патриоттық әуендерді, әскери марштарды және танымал хит әндердің әуенін орындады.

"Өнер көрсету құрмет күзетінің ротасы жауынгерлерінің карабиндермен дефиле көрсетуімен толықтырды. Жауынгерлік элементтерді орындау кезіндегі қимыл-қозғалыстардың үндестігі көрерменнің шынайы таңданысын тудырды", - деп хабарлады ведомстводағылар.