Астана халықаралық университеті мен Цинхуа университеті серіктес атанды

0
478

Құжат екі оқу ордасы арасында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.


Астана халықаралық университеті мен Цинхуа университеті серіктес атанды

ERNUR.KZ. Елордада «Бір белдеу, бір жол» бастамасына, оған қатысушы мемлекеттердің жоғары деңгейдегі ынтымақтастығына 10 жыл» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2013 жылдың қыркүйегінде Астанада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға бірінші мемлекеттік сапары кезінде жарияланған «Бір белдеу, бір жол» бастамасына биыл 10 жыл толып отыр.

БББЖ-ны («Бір белдеу, бір жол») жүзеге асыру барысында жобаға қатысушы мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен екі форум өткізілді. БББЖ-ны экономикалық дамудың ұлттық бағдарламаларымен ұштастыру шеңберінде инфрақұрылымдық объектілердің құрылысы жүзеге асырылып жатыр.

Жиын Астана халықаралық университеті алаңында өтіп жатыр.

Университеттің вице-президенті Қайрат Әбдірахманов бүгін оқу ордасын Қытайдың Цинхуа университетінің президенті Ван Сицинь әріптестерімен бірге аралағанын атап өтті.

«Цинхуа - әлемдегі озық университеттердің бірі. Университеттердің рейтингінде де жоғары жетістіктерімен алда. Әсіресе, техника және жоғары технология саласында. Десе де, инновациялық шешімдермен қатар университет «Бір белдеу, бір жол» бастамасының маңызды мәселелерін бағалаумен, дамыту айналысады», - деді ол.

10 жыл ішінде БББЖ байыпты сараптамалық бағалауды қажет ететін ұлттық экономикалардың аймақтық интеграциясының жаһандық үрдісіне елеулі үлес қосты.

Астана халықаралық университеті Цинхуа университетімен (ҚХР) бірлесіп ұйымдастырған «Жібек жолының 10 жылы, БББЖ-ның жоғары сапалы бірлескен құрылысы» атты халықаралық конференцияда БББЖ-ның цифрлық экономикадағы әсерін қолдану сценарийлерін, баламалы энергетика, басқа салалардың денсаулық сақтау мәселелерін және БББЖ-ны қолдаудың көпжақты тетіктерін: АӨСШК, ШЫҰ, Еуразиялық экономикалық одақ мәселелерін талқылап жатыр. Сондай-ақ, сарапшылар жиында БББЖ-ның халықаралық қатынастарға, жобаға қатысушы елдердің дамуының саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық аспектілеріне әсерін, БББЖ жобасын іске асыру кезінде туындайтын тәуекелдер мен мүмкіндіктері мәселелеріне қатысты ойларын ортаға салып жатыр.

Ғылыми конференцияда екі университет серіктестік туралы келісімшартқа қол қойды.

Бұл ғылыми конференция Қытайдың Сиань қаласында өтетін «Қытай-Орталық Азия» саммиті аясында өтіп жатыр.