"Астана күні" мерекесі дүбірлетіп тойланбайтын болды

0
4 472

Астана күніне орай өтетін мәдени іс-шаралар үш есеге азаяды.


ERNUR.KZ. 6 шілде «Астана күні» мерекесіне орай елордада өтетін мәдени іс-шараларға қатысты қала әкімдігі түсініктеме берді, деп жазады Елорда Инфо.

«Бұл мереке тек астаналықтардың мерекесі емес, елордаға еліміздің барлық өңірлерінен демалушылар келеді. Сондықтанда 20 жыл бойы тойланған нәрсені алып тастауға болмайды. Және бұның негізгі 3 себебі бар. Алдымен жылда өткізілетін іс-шаралардың санын үш есеге қысқартып отырмыз. Бұрын бізде 300-ден аса іс-шара өтсе, биыл 100-ге жуық шара өтеді. Екіншіден, ол іс-шаралардың 80 пайызы қоғамдық орындарда яғни халыққа қолжетімді жерде әрі тегін өтеді. Және соңғысы бұл мәдени іс-шаралар Арыстағы оқиғаға дейін белгіленген болатын, сондықтан жоспарға сай өткізілетін болады», - деді Ерлан Каналимов.

Сондай-ақ, әкім орынбасары Қазақстан мен Ресейдің жұлдыздары қатысуымен OPEN AIR сияқты маңызды іс-шарасының болмайтынын айтып өтті.

«Мерекелік бағдарламаның айрықша ерекшелігі оның полиорталықтандырылуы және бұқаралық аудиторияға бағытталуы болып табылады. Биылғы жылы іс-шаралардың басты алаңы қала шетіндегі 8 саябақ, парктер, алаңдар, бульварлар және Есіл өзенінің жағалауы болады. Яғни, ең басты назар аударарлық жағдай, қаланың орталық бөлігіндегі жаппай кептелуден аулақ болуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барынша шоғырлануға мүмкіндік береді», - деді ол.