Астана мен Алматыда үйді жалға беру қымбаттаған

0
534

Инфляцияны төмендету үшін жоғары үлес салмағы бар позицияларға назар аударылады.


Астана мен Алматыда үйді жалға беру қымбаттаған

ERNUR.KZ. Инфляцияның өсуіне байланысты азық түлік тауарлары, тұрмыстық химиялық заттар мен тұрғын үйді жалға алу бағасы қымбаттаған. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов айтты, деп жазады stan.kz.

“Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 20,7 пайызды құрады. Осы ретте оның азық-түліктен тұратын құрамдас бөлігі 25,7 пайызды құрады. Дәл осы әдіспен біз апта сайын әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының баға индексін тіркейміз. Мұнда да баға динамикасы жылдық мәнде 23,4 пайызға өскен”, - деді Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов.

Оның өзінше, инфляцияны төмендету үшін жоғары үлес салмағы бар позицияларға назар аударылады. Мәселен бензин және электр энергиясы тұтыну бағасына тікелей әсер етуден бөлек, олар басқа тауарлардың өндіріс мен тасымалының қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін.

“Тұрғын үйді жалға алу өсімі инфляция деңгейіне айтарлықтай әсер кеткен. Ол қызметтің жоғары үлес салмағы мен бағаның өсіміне байланысты болып отыр”, - деді Жандос Шаймарданов.

Оның айтуынша, ірі қалаларда үйді жалға алу қымбатқа түседі.

“Астана мен Алматыда тұрғын үйді жалдау басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары үлес салмаққа ие. Бұл тәсілдердің барлығы бірнеше рет шетелдіктердің сараптамасынан өткен және жалпы қабылданған халықаралық әдіснамаға сай келеді. Биыл да Қазақстанның ұлттық статситика жүйесіне БҰҰ және экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы тарапынан бағалау жүргізілетін болады”, - деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.