АСТАНА: Өртте қаза болған 5 қыздың денесі жер қойнына тапсырылды

0
2 797

Марқұмдармен қоштасуға келгендердің қарасы қалың болды.


АСТАНА: Өртте қаза болған 5 қыздың денесі жер қойнына тапсырылды

Астана қаласы Көктал елдімекеніндегі Шыңғыстау көшесінде орын алған өрттен қаза болған 5 қыздың мәйіті жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаназа рәсімін "Азаттық радиосы" фэйсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде көрсетті. Марқұмдармен қоштасуға келгендердің қарасы қалың болды.

Ал, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде қарағандардың саны 5 мыңға жуықтағанын да айта кеткен жөн.