Астана теміржол вокзалы "Нұр-Сұлтан" деп өзгертілді

0
3 490

​Вокзал атауы өзгерді.


Астана теміржол вокзалы

ERNUR.KZ. Астана теміржол вокзалы Нұр-Сұлтан деп өзгертілетін болды, деп жазады Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкесҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана теміржол вокзалы «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» болып қайта аталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаулыға Қазақстан Республикасы премьер-министрі А.Мамин қол қойған. Ендігі таңда вокзал атауы Нұр-Сұлтан деп өзгерді.