Астана тұрғыны 1000 теңгеге 2 бөлмелі пәтер алды

0
1 093

Астана қаласының тұрғыны екі бөлмелі пәтер иеленсе, тағы бір тұрғынға су жаңа автокөліктің кілті табысталды.


Астана тұрғыны 1000 теңгеге 2 бөлмелі пәтер алды

ERNUR.KZ. Кеше Астанада Алғыс айту күніне орай «ASYL ADAM» қайырымдылық қорына көмек көрсеткен жандар арасында ерекше акция өткізілді, деп жазады baq.kz.

«Өзгелерге көмектесу арқылы өзіңе көмектес» ұранымен өткен акцияның шарты бойынша, «ASYL ADAM» қайырымдылық қорына мың теңгеге көмектесу арқылы Астананың жанындағы Қосшы кентінен 2 бөлмелі пәтерді, автокөлікті, тұрмыстық техниканы немесе ұялы телефонды ұтып алу мүмкіндігі берілген.

Акция нәтижесінде мың теңге қайырымдылық жасау арқылы Марина Максименко есімді Астана қаласының тұрғыны екі бөлмелі пәтер иеленсе, Төлеукүл Бейсембекқызына су жаңа автокөліктің кілті табысталды.

«Марина мешітке құлшылық жасауға барып, шығарда 1000 теңге қайырымдылық жасаған. Ол бұл қайырымдылығы үшін адамдардан мыңдаған алғыс алды және екі бөлмелі пәтердің иесі атанды. Бұл өте әділ акция болды. Бұл жоба тоқтап қалмай, жалғасын табатын болады. Барлық адамдардың қатысуына мүмкіндік бар. Ал, бүгінгі ұтыс иелеріне екі күннің ішінде құжаттары тапсырылатын болады», - дейді «ASYL ADAM» қайырымдылық қорының жетекшісі Көңілбай Шүкенов

Акция барысында бұдан бөлек тұрмыстық техника, ұялы телефон, 40 мың теңге көлеміндегі сертификат және Қазақстандық Бал-бала брендінен ойыншық ойнатылды.