Астана әуежайында 100-ден аса адам отырған ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетті

0
1 176

Астана әуежайында Airbus-320 ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті.


Астана әуежайында 100-ден аса адам отырған ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетті

фото: © Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі
Астана әуежайында Airbus-320 ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті, - деп хабарлайды ERNUIR.KZ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Бүгін Астана әуежайында Эйр Астана әуекомпаниясының KS352 рейсінің тіркеу нөмірі P4-KВВ Airbus-320 ұшағы қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кетті. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Әуе кемесі тұраққа жеткізілді. Қозғалтқышқа зақым келген. Аэродром 13 сағат 30 минуттан 14 сағат 10 минутқа дейінгі аралықта жабылды", - делінген хабарламада.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

фото: © Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі