​Астанада «Абу-Даби Плаза» өртенді

0
1 355

Астанадағы «Абу-Даби Плаза» сауда орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Астанада «Абу-Даби Плаза» өртенді

фото: мұрағаттан алынды

Астанадағы құрылысы жүріп жатқан «Абу-Даби Плаза» сауда орталығынан тағы да өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Өртті құрылысшылардың өздері сөндірген, зардап шеккендер жоқ.

Астана қаласының ТЖД-ның мәліметінше, жалын шарпыған аумақ шамамен 40 шаршы метрді құраған.

«16:45-те «101» тетігіне өрт шыққандығы жайында хабар келіп түсті. Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің құрылымдық бөлімі келіп жеткен уақытта 38-40 қабаттар аралығылығындағы құбыртектес электр қыздырғышы жанып жатқан. Өрт шарпыған аумақ шамамен 40 шаршы метр. Өрт қолдағы бар мүмкіндіктермен және құрылысшылардың көмегімен сөндірілді», - делінген хабарламада.

Өрттің сөндірілген уақыты 16:59. Өртті сөндіруге 12 адам қатысып, екі техника жұмылдырылған. Өрттің шығу салдары анықталып жатыр, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік дәл осы нысанда былтыр ақпан айында да өрт орын алған болатын.