Астанада «ақылды» орындықтар орнатылды

0
2 074

Бұл орындықтар - Астананың 20 жылдығына Павлодар облысыны жасаған сыйы


Астанада «ақылды» орындықтар орнатылды

ERNUR.KZ. Астананың сол жағалауындағы жаңа веложолдардың бойында 39 смарт орындық орнатылды, деп жазады Елорда Инфо.

Бұл орындықтар - Астананың 20 жылдығына Павлодар облысыны жасаған сыйы.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде атап өткендей, орындықтардың смартфондарға блютуз арқылы қосылу және динамика арқылы музыка тындау қызметі бар. Сондай-ақ телефонды сымсыз және USB порт арқылы қуаттауға болады. Орындықтар электр қуатын оған орнатылған күн батареялары арқылы алады.

Ең бастысы - бұл орындықтар велосипедтер үшін тұрақ қызметін де атқара алады. Смарт орындықтардың жаңа веложолдардың маңайына орнатылған себебі де сол.

Белгілі болғандай, ақылды орындықтар Қытайда жасалған, оның біреуінің бағасы 1,2 млн теңге. Әр орындықтың үш жылға дейін кепілдік мерзімі бар.