​Астанада «Алтын көпір» салынады

0
1 392

Еске сала кетейік, Жібек Жолы қалаларының мэрлері бас қосатын «Global Silk Road» форумы Астанада 2-3 шілде күндері өтеді.


​Астанада «Алтын көпір» салынады

Астанада өтетін Жібек Жолы қалаларының басшылары форумында «Алтын көпірдің» іргетасы қаланады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Global Silk Road» қала мэрлерінің форумында Астанада тұрғызылатын «Алтын көпірдің» іргетасы қаланады. Жібек жолы халықтарының достығын бейнелейтін бұл көпірдің авторы - әлемге танымал қытайлық сәулетші Шу Юн. Көпір ұзындығы 28 метрді құрайды. Бұл тағдыры ортақ, мүддесі ортақ жаһандық қауымдастық құру арманын білдіреді», - деді G-Global халықаралық хатшылығы басшысының бірінші орынбасары Мұрат Қарымсақов ОКҚ-де өткен баспасөз-конференциясында.

Еске сала кетейік, Жібек Жолы қалаларының мэрлері бас қосатын «Global Silk Road» форумы Астанада 2-3 шілде күндері өтеді.

Форумда ХХІ ғасырдағы Жібек Жолын цифрландырудың маңызды мәселелері, тұрақты даму, экономикалық теңсіздікті төмендету, халықаралық сауданың жаңа ережелері, криптовалюталарды пайдалану, әйелдер мен жастардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңызды мәселелері талқыланады.

Форум соңында Жібек Жолы елдеріндегі қалалар басшыларының клубы құрылады деп күтілуде. Сондай-ақ, бизнес, ғылым, университеттер, БАҚ, әдебиет пен өнер, туризм, спорт бағыттары бойынша қауымдастықтар мен бірлестіктер ашылады. Мектепке дейінгі білім беру, туризм, спорт бойынша коммерциялық құжаттарға қол қойылады.

Сондай-ақ, шара аясында Жібек жолы елдерінің ардагер футболшылары мен қала басшылары жолдастық кездесу өткізеді.