​Астанада асықтан жүлде қоры 2 миллион теңге турнир өтеді

0
1 364

Астанада 1 желтоқсанда "Сарыарқа" велотрегінде Тұңғыш Президент күніне орайластырылған гран-при "Алтын сақа" республикалық турнирі өтеді


​Астанада асықтан жүлде қоры 2 миллион теңге турнир өтеді

ERNUR.KZ. Астанада 1 желтоқсанда "Сарыарқа" велотрегінде Тұңғыш Президент күніне орайластырылған гран-при "Алтын сақа" республикалық турнирі өтеді, деп жазады Тengrinews.kz Асық ату Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Асық ату Федерациясы бұл жарысты дәстүрлі түрде екінші рет өткізіліп отыр. Жарысқа асық ату спортынан Қазақстан құрама командасының, облыстық командалар мүшелері және ойынға қызығушылық танытқан дайындығы және медициналық анықтамасы бар спортшылар қатысады", - делінген хабарламада.

Жарыс бестабан (ерлер), бес асық (қақпақыл, әйелдер) ережесі бойынша өтеді. Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген ҚР асық атудан бірнеше дүркін чемпиондары, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қатысады. Жарысқа медициналық анықтамасы бар 17 жастан асқан спортшылар қатыстырылады. Жүлде қоры – 2 000 000 теңге.