Астанада автокөлік өртеніп кетті

0
862

Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД 1 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамнан 5 адам жұмылдырылды.


Астанада автокөлік өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Астанада автотұрақтарының бірінде жеңіл көлік өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

«1 ақпан күні таңғы 08:12-де Астана қалалық ТЖД «101» пультіне Volkswagen Passat маркалы автокөліктің өртенуі туралы хабар келіп түсті. Өрт 08:22-де тоқтатылып, 08:29-да толық сөндірілді», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД 1 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамнан 5 адам жұмылдырылды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.