​Астанада аялдамада ұрлық жасаған жігіт ұсталды

0
1 121

Полиция департаменті осы кісіден зардап шекендерден 8 (7172)71-61-71 нөмеріне хабарласуды сұрайды.


​Астанада аялдамада ұрлық жасаған жігіт ұсталды

ERNUR.KZ. Астанада аялдамада сөмке ұрлаған жігіт ұсталды. Бұл туралы Астана қалылық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Тengrinews.kz.

"22 желтоқсанда полиция қызметкерлері Қарағанды облысының 28 жастағы тұрғынын аялдамада сөмке ұрлаған жерінен қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар полиция департаменті зардап шекендер болса хабарласуды сұрайды: Бейбітшілік 19, немесе мына телефонға 8 (7172)71-61-71", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері сөмкені азық-түлікке арналған арбаға салмауды, кезекте тұрғанда сөмкені қолға ұстап тұруға және әмиянды мен құнды заттарды полиэтиленді пакетке салмауға, сонымен қатар қоғамдық көлікте мұқият болуға, сөмкеңіздің жабық болуын қадағалауды және алдыңызда ұстап тұруды, отырған кезде алдыңызға алып отыруды, құнды заттарды киімнің ішкі қалталарында сақтау керектігі туралы ескертеді.