Астанада балалар үйіндегі өрт сөндірілді

0
1 210

Астанада Сейфуллин көшесіндегі №1 балалар үйінің ғимаратында болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада балалар үйіндегі өрт сөндірілді

фото: inform.kz

Астанада Сейфуллин көшесіндегі №1 балалар үйінің ғимаратында болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астанадағы балалар үйінен өрт шықты «15 ақпан күні 12:15-те балалар үйінің үш қабатты ғимаратында, алдын ала мәліметтер бойынша, үшінші қабаттағы қоймада өрт тұтанған. 12:43-те алау ауыздықталды. Шамамен 30 шаршы метр жерді жалын шарпыған», - делінген хабарламада. Өрт сөндірушілер келгенше мекеменің әкімшілігі адамдарды эвакуациялаған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Астана өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 40 қызметкері және 8 техникасы жұмылдырылған.