Астанада ер адам бірге тұратын әйелдің көлігін өртеп жіберді

0
501

Жәбірленушінің жақында бірге тұратын ерімен қатты ұрысып қалғаны анықталды.


Астанада ер адам бірге тұратын әйелдің көлігін өртеп жіберді

ERNUR.KZ. Полицияға қала тұрғыны оның Honda Logo автокөлігін бірге тұратын жігітінің өртеп жібергені туралы арызданған, деп жазады zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сай, тергеу барысында әйелдің 31 жастағы ер адамы қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.

Жәбірленушінің жақында бірге тұратын ерімен қатты ұрысып қалғаны анықталды. Жанжал кезінде ер адам пәтердегі жиһаздар мен техниканы бүлдірген.

Орын алған жанжалдан кейін ол тынышталмай, Әл-Фараби көшесінде әйелдің көлігін өртеп жіберген. Бұл әрекеттен кейін ол бірге тұратын әйелге оған тиесілі көлікті қасақана өртеп жібергенін жазып, хабарлама жіберген.

Әйел бірден полицияға жүгінді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді.