​Астанада қала маңына қатынайтын автобустар қозғалысын тоқтатты

0
1 196

Астанада ауа-райының бұзылуына және жолдардың жабылуына байланысты аймақтық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды


​Астанада қала маңына қатынайтын автобустар қозғалысын тоқтатты

ERNUR.KZ. Бүгін Астанада қатты аяз болуына байланысты қала маңына қатынайтын бірнеше автобус қозғалысы тоқтатылды, деп жазады BAQ.KZ.«Астана LRT» компаниясына сілтеме жасап.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ауа-райының бұзылуына және жолдардың жабылуына байланысты келесі аймақтық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды: № 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 315, 316, 317, 318. Бағдарлардың қатынауы қалпына келтірілгендігі жайлы ақпарат қосымша хабарланады», - делінген «Астана LRT» мәліметінде.