​Астанада қалта ұрылары қолға түсті

0
2 224

Жедел іздестіру нәтижесінде Атырау облысының 30 және 36 жастағы екі тұрғыны ұсталған.


​Астанада қалта ұрылары қолға түсті

ERNUR.KZ. Астанада сауда орталықтары мен қоғамдық көліктерде ұрлық жасады деп күдіктеліп жатқан қалта-ұрылары ұсталды, деп жазады NUR.KZ. елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру нәтижесінде Атырау облысының 30 және 36 жастағы екі тұрғыны ұсталған.

Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, күдіктілерге қатысты тергеу жұмыстары басталған.

"Аталмыш тұлғалардан зардап шеккен тұрғындар болса, полиция департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Біздің мекен-жайымыз: Бейбітшілік көшесі 19. Немесе 8(7172)71-61-71 және 102 нөмірлеріне хабарласыңыздар", - дейді полиция департаментіндегілер.

Сондай-ақ полицейлер мереке қарсаңында ұрлықтың көбейіп кететінін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.