Астанада қоғамдық даму істері басқармасы құрылды

0
1 159

Республика бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 11 % - ы Астанаға тиесілі


Астанада қоғамдық даму істері басқармасы құрылды

ERNUR.KZ. Астанада қоғамдық даму істері басқармасы құрылды, енді азаматтық бастамаларды қолдау орталығын құруды жоспарлауда, ол ҮЕҰ-ға жәрдемдесуі тиіс, деп жазады Bag.kz.

«Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелейтін отбасы мәртебесін айқындау, көпбалалы отбасына жеңілдік белгілеу, балаларды үйде оқыту сағатын ұлғайту, мүгедек балалардың медициналық куәландыруын рәсімдеуді оңайлату, оңалту бағдарламалары бойынша жыл сайынғы емделуге жатқызу міндеттілігі болуы заңнамалық тұрғыдан бекітуге лайық өте қызықты ұсыныстар», - деді Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев.

Оның мәліметінше республика бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 11 % - ы Астанаға тиесілі. Мысалы, Алматыда 5300 ҮЕҰ тіркелген, ол елдегі ҮЕҰ-дың жалпы санының ширегін құрайды, ал Астана екінші орында, яғни бас қалада 2700 ҮЕҰ бар, бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 12 % құрайды.