Астанада LRT құрылысы жанданды (видео)

0
450

Қытайлық мердігер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Астанада LRT құрылысы жанданды (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда LRT жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Құрылыс алаңынан ірі техникаларды, ҚХР-дан келген жұмысшылар мен LRT үшін қажет жаңа конструкцияларды көруге болады.


CTS көлік компаниясының мәліметінше, қытайлық мердігер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта Қытайдың мердігер ұйымы - CNTIC консорциумы шарт міндеттері шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық жүргізіп жатыр. Олар жүргізетін құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесі пандемияға байланысты түзеліп отырады", - деп хабарлады CTS өкілдері.