Астанада "Махаббат кемесі" орнатылды

0
1 430

Жаңа нысан ғашықтар үшін таптырмас естелік мекені болмақ.


Астанада

ERNUR.KZ. Астанадағы Арбатта "Махаббат кемесі" атты арт-нысан пайда болды. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек хабарлады, деп жазады тoday.kz.

"Арбатта бүгін осындай креативті арт-нысан пайда болды. Ғашықтар, жұптар "Махаббат кемесіне" оң баға береді деп ойлаймын, өйткені бұл жерде керемет естелік суретке түсуге болады. Бұндай керемет сыйлықты қала тұрғындарына BSB Capital Group инвестициялық компаниясы жасап берді. Жаңа нысанға келіп суретке түсіп #каретаЛюбвиАстана хэштегімен желіге жариялаңыздар, өз махаббаттарыңыздың тарихын айта отырыңыздар!" – деп жазды әкім.