​Астанада мектеп оқушылары үшін сабақ тоқтатылды

0
1 694

«Қазгидромет» РМК 2018 жылдың 28-30 қараша күндері еліміздің 8 өңірінде күн суытатынын хабарлаған болатын.


​Астанада мектеп оқушылары үшін сабақ тоқтатылды

сурет:news.pn

ERNUR.KZ. Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушыларының сабағы тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Дәлірек айтқанда, бүгін екінші ауысымдағы 0-11(12) сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

«Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 2018 жылдың 29 қарашасында ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - деп хабарлады Астана қалалық білім басқармасының ресми өкілі Жазира Асанова.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК 2018 жылдың 28-30 қараша күндері еліміздің 8 өңірінде күн суытатынын хабарлады. Астана қаласында қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні таңертең және түнде 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с болуы мүмкін. 30 қараша түнде ауа температурасы 15-17 градусқа дейін төмендейді.