Астанада полиция зейнеткерді ұстады

0
1 027

Салығы өсіп кеткендіктен жергілікті сот «зейнеткерден еркінен тыс ақша өндіріп алу» туралы сот шешімін шығарып, осылайша тұрғын ай сайынғы 38 мың теңге зейнетақысынан қағылған.


Астанада полиция зейнеткерді ұстады

Бүгін таңертең Астана қаласындағы журналистер одағы ғимаратының алдында бір адамдық пикет өткізбек болған 74 жастағы зейнеткер Ибрагим Қозыбаевты он шақты полиция мен омон солдаттары ұстап әкеткен деп хабарлайды zhasalash.kz.

Ибрагим Қозыбаев екі жылдан бері салығын төлей алмағандықтан жеке көлігін мемлекеттік тіркеуден шығара алмай жүрген екен. Салығы өсіп кеткендіктен жергілікті сот «зейнеткерден еркінен тыс ақша өндіріп алу» туралы сот шешімін шығарып, осылайша тұрғын ай сайынғы 38 мың теңге зейнетақысынан қағылған.

— Астана қалалық жол полициясы басқармасы, сот және өзге де құзырлы органдардан көлігімді тіркеуден шығарып беруін сұраймын. Салықтарды төлеп біткенше оны тіркеуден шығара алмаймын, оның үстіне жыл сайын салықтар қосылып жатыр. Салығымның қарызы шамамен 200 мың теңге, — деді Ибрагим Қозыбаев.