Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті

0
1 241

Отырыс барысында инвестициялық саясатты іске асыру, еңбек заңнамасын, энергетика мен экологияны дамыту мәселелері талқыланды.


Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті

фото: primeminister.kz.

Бүгін Астанада Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті деп хабарлайды primeminister.kz.

Отырыс барысында инвестициялық саясатты іске асыру, еңбек заңнамасын, энергетика мен экологияны дамыту мәселелері талқыланды.

фото: primeminister.kz.

Шарада ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы А. Прейманис, Инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі кеңестің бірлескен жұмыс тобының тең төрағасы Е. Досымбеков, «Тоталь Қазақстан барлау және өндіру» компаниясының басқарушы директоры П. Бреан, «КНАУФ» компаниясының өкілі Д. Пропп және т.б. сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған.

Кеңес құрамына 30-дан астам шетелдік компаниялардың және халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті

фото: primeminister.kz.