Астанада шетелдіктер үшін 5% мөлшерінде туристік төлем белгіленеді

0
365

Бұған дейін шетелдік туристер елордаға келгені үшін ақы төлемейтін.


Астанада шетелдіктер үшін 5% мөлшерінде туристік төлем белгіленеді

ERNUR.KZ. Астанада алты айға шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін бекітуді ұсынып отыр. Елорда мәслихаты шешімінің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Астана да 2022 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік туристер санының 2,3%-ке (18 673 адамға) азайған. Сондай-ақ, 2022 жылғы II тоқсанында 93,4%-ке өсті (67 564 адам).
"Жоғарыда аталған тиісті статистикалық мәліметтер негізінде 2023 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін, оның ішінде тұру құнының 5 (бес) проценті мөлшерінде бекіту ұсынылады", – деп жазылған жобада.
Бұған дейін шетелдік туристер елордаға келгені үшін ақы төлемейтін.
Шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Туристерді орналастыру орындарында шетелдік туристер саны азайған жағдайда мөлшерлеме мынандай көлемде төмендетіледі:
5-тен 10%-ке дейін – 4% мөлшерінде;
10-нан 15%-ке дейін – 3% мөлшерінде;
15-тен 20%-ке дейін - 2% мөлшерінде;
20% және одан жоғары - тұру құнының 1% мөлшерінде.
Бұл ретте бір жыл ішінде шетелдіктерге арналған туристік алым мөлшерлемесі тиісті статистикалық деректерге және (немесе) маусымдылыққа байланысты сараланады.