​Астанада Сингапур мектебін ашу жоспарлануда

0
1 337

Мектеп Сингапур моделі бойынша 1500 оқушыға арналып салынбақ. Мектеп үш бөліктен тұрады. Бірі бастауыш мектеп, тағы бірі орта мектеп болса, үшінші бөлігі бітіруші сыныптарға арналады. Балалар мектеп аумағындағы кампуста тұрады деп жоспарналуда.


​Астанада Сингапур мектебін ашу жоспарлануда

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1500 оқушыға арналған Сингапур мектебі салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап сілтеме жасап.

«Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, Мектеп Сингапур моделі бойынша 1500 оқушыға арналып салынбақ. Мектеп үш бөліктен тұрады. Бірі бастауыш мектеп, тағы бірі орта мектеп болса, үшінші бөлігі бітіруші сыныптарға арналады. Балалар мектеп аумағындағы кампуста тұрады деп жоспарналуда. Оның айтуынша, мектеп соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталады. Сондай-ақ, оқушыларды шетелдік ұстаздар оқытатын болады. Әзірге Сингапур мектебі жобасының құны мен инвесторы туралы ақпарат жария етілген жоқ. «Аталған жоба ӘӘК стратегиясына сай. Ол, бір жағынан, әлеуметтік жоба болса, екінші жағынан білім беру саласына үздік халықаралық тәжірибені тартуға, қаладағы білім беру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Нұрлан Жақыпов.

иллюстрациялық сурет