Астанада тағы бір жігіт жылы аялдаманың терезесін теуіп сындырды

0
1 147

Автобус күткенше жылынып тұратын жерге рахмет айтудың орнына сындырып кеткен


Астанада тағы бір жігіт жылы аялдаманың терезесін теуіп сындырды

ERNUR.KZ. Астанада тағы бір жігіт жылы аялдаманың терезесін теуіп сындырды, деп жазады sn.kz.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында тағы бір тәртіп бұзушылық жайлы жазды.

Әкім бөліскен видеода ер адам есікті теуіп ашып, сыртқа шығып кетеді. Ізінше есіктің әйнегі шытынап қалғаны анық көрінеді.

«10 қаңтар күні тағы бір «батыр» Жеңіс көшесінде өзінің «мықтылығын» көрсетті. Күші тасып, қайда жұмсарын білмей жүр ме?

Автобус күткенше жылынып тұратын жерге рахмет айтудың орнына сындырып кеткен. Күшің тасып бара жатса, бізге келші. Қолыңа күрек беріп, қар тазалатайық», – деп жазды әкім.

Еске сала кетейік, 2 қаңтар күні ер адам жылы аялдамалардың бірін теуіп сындырған болатын.