Астанада танымал банктің ақшасы ұрланды

0
451

Үш жас жігіт ұсталды.


Астанада танымал банктің ақшасы ұрланды

ERNUR.KZ. Астанада үш жас жігіт қаладағы банктердің біріне 7 миллион теңгеге шығын келтірген. Үшеуі де ұсталды, тергеу шаралары басталды, деп жазады sputnik.kz.

Сарыарқа аудандық полиция бөліміне арызданған банк өкілі белгісіз біреулердің ақша ұрлағанын жеткізді. Инкосация кезінде 6 990 500 теңгенің жетіспей тұрғаны анықталды. Банктің қауіпсіздік қызметі бейнежазбаларды да ұсынды.
Онда жас жігіттердің ақшаны аударып жатқаны анық көрінеді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21-23 жастағы үш жас жігітті ұстады. Күдіктілер жеткізуші болып жұмыс істеген. Ал ақшаны банкомат арқылы компания өкілдеріне келісім бойынша аударып жүрген.
"Олар қолма-қол ақшаны алудың кодын біліп, бірнеше күннің ішінде миллиондап ақша ұрлаған", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.