Астанада тапанша және гранатамен қаруланған қарағандылық ұсталды

0
419

Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қару мен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру фактісін анықтады.


Астанада тапанша және гранатамен қаруланған қарағандылық ұсталды

ERNUR.KZ. Елордада Қарағанды тұрғынынан қару тәркіленді, деп жазады ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қару мен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру фактісін анықтады.

“Түнгі уақытта Абылайхан мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші басқарған Lada Priora автокөлігі тоқтатылды. Автокөліктің 22 жастағы жолаушысын жеке тінту барысында оның күртешесінің оң қалтасынан ОСА тапаншасы, сол қалтасынан РГД-5 гранатасы табылды. Полиция қызметкерлері дереу гранатаны жарылғыш заттарды сақтауға арналған колбаға орналастырған”, – делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қару мен граната тәркіленген Қарағанды қаласының тұрғыны ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.