Астанада тұрғын үйлерді басқарудың онлайн–жүйесі әзірленуде

0
1 012

Үйді басқарудың онлайн-жүйесі басқарушы компаниялардың операциялық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Тұрғын үй қорын электронды паспорттау елімізде көп пәтерлі тұрғын үйлердің саны мен техникалық жай-күйі туралы дұрыс ақпаратқа көз жеткізуге мүмкіндік береді.


Астанада тұрғын үйлерді басқарудың онлайн–жүйесі әзірленуде

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын цифрландыру жөнінде кеңес өтті,деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Жұмағалиев кеңес инфрақұрылым және тұрғын үй кешенін дамытудың негізгі бағыттарын талқылау мен саланы дамытудың негізгі индикаторларымен өлшеу құралдары және цифрландыру бойынша Жол картасын әзірлеу мақсатында өтіп отырғанын айтты.

«ТКШ ҚазОрталығы» басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев инфрақұрылым және тұрғын үй кешенін цифрландырудың жоспары мен оны енгізудің артықшылықтары туралы мәлімдеді.

Коммуналдық желілерді цифрландыру есепшоттар жасалған кезде ашықтықты қамтамасыз ететін көрсеткіштерді автоматты түрде жинауға мүмкіндік береді. Үйді басқарудың онлайн-жүйесі басқарушы компаниялардың операциялық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Тұрғын үй қорын электронды паспорттау елімізде көп пәтерлі тұрғын үйлердің саны мен техникалық жай-күйі туралы дұрыс ақпаратқа көз жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, табиғи монополия субъектілерін жоспарлы цифрландыру олардың қызметін бақылауға және энергияны өндіру мен тұтыну теңгерімін жақсартуға жол ашады.

«Осы деректердің бәрі қазіргі таңда Инвестициялар және даму министрлігінің тапсырмасы бойынша «ТКШ ҚазОрталығы» әзірлеп жатқан бірыңғай интеллектуалдық ақпараттық жүйенің негізін құрайды. Жүйе пайдаланушылары үй тұрғындары, басқарушы компаниялар, әкімдіктер, мемлекеттік органдар, коммуналдық кәсіпорындар болады. Іс жүзінде бұл инфрақұрылым және тұрғын үй кешенінде «бір терезе» болады. Ол сектордың барлық қатысушылары үшін бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл, ең алдымен, үйлердің тұрғындарына қатысты, олар тұрғын үй мен пәтер туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, коммуналдық қызметтерді нақты тұтынуға бақылау жасап, үйді басқаруға қатысып, онлайн режимде шағым беріп әрі ұсыныс жасай алады», — деп атап өтті Нұрсұлтан Жиенбаев.