Астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

0
493

Астанада ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жылыту маусымы басталды.


Астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

ERNUR.KZ. Қала әкімдігінің хабарлауынша, 29 қыркүйекте көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріле бастаған, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін 27 қыркүйекте әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастағаны хабарланған болатын.
Елордада сондай-ақ тұрғын алаптарды газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандары үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілді, деп атап өтті әкімдік.
Көмір бағасының қымбаттауына жол бермеу мақсатында қатты отын сататын компаниялармен меморандумдар жасалды. Жеке сектор тұрғындары үшін көмір қоры, бағасы және бар-жоғын білуге болатын қауырт желі жұмыс істейді.
Көмір қаладағы арнайы бөлінген 14 орында сатылып жатыр. Жанар-жағармай бағасы өткен жылғы деңгейде белгіленді.