Астанада Украина Елшілігіне "бомба қойған" адам іздестіріліп жатыр

0
828

Электронды поштаға ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хат келген.


Астанада Украина Елшілігіне

ERNUR.KZ. Астанадағы Украина Елшілігінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен, деп жазады exk.kz.

Елордалық Полиция депортаментінің мәліметінше, 1 желтоқсан сағат 17.50-де полицияға Украина Елшілігінің консулынан хабар түскен. Айтуынша, сағат 15.08-де электронды поштаға ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хат келген.

"Бұл факті Есіл ауданы ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді", делінген хабарламада.

Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келген.

"Тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Іс-шара эвакуациясыз өтті, қауіп жойылды", деді Есіл ауданы ПБ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.