Астанада вайнерлер фестивалі басталды

0
1 672

Негізгі мақсат жастарды қолдау, әлеуметтік белсенділігін ұлғайту және «Рухани жаңғыру» құндылықтарын насихаттау


Астанада вайнерлер фестивалі басталды

ERNUR.KZ. 15 қазан күні Астанада «Astana Vine Fest» ең ірі вайнерлер фестивалі басталды. Фестиваль Қазақстанның танымал вайнерлері мен креативті жастардың басын қосып, шығармашылық әлеуетін дамытатын әлеуметтік-мәдени алаң болмақ, деп жазады Bag.kz.

Шараның мақсаты – жасампаз жастарды қолдау, әлеуметтік белсенділігін ұлғайту және «Рухани жаңғыру» құндылықтарын насихаттау.

Конкурстық фестиваль 2 кезеңнен тұрады. 1-кезеңге қатысу өтінімдері 15-31 қазан аралығында қабылданады. Қатысушылар еркін тақырыпта вайн түсіруі қажет. Негізгі шарт – Инстаграм желісіндегі парақша жазылушыларының саны 3 мыңнан кем болмауы қажет.

Үздік видеороликтер 31 қазан мен 2 қараша аралығында 2-кезеңге іріктеледі. Конкурстық комиссия Нұрлан Батыров, «Kartop.tv», «XaXa Show», «Tjokers» секілді вайнерлерден тұрады. Төрешілер 20 үздік вайн таңдап, авторларға финалдық тапсырма бойынша ролик дайындауға көмектеседі. Финал жеңмпаздары концертте жарияланып, марапатталады. Жүлде қоры 1-орын үшін 350 000 тг, 2-орынға - 250 000 тг, 3-орынға – 150 000 тг.

Фестиваль ұйымдастырушылары - «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» қоғамдық қоры мен Астана әкімдігінің Қоғамдық даму істері басқармасы.