​Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды

0
2 091

ERNUR.KZ. Астананың орталық базарында екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды.


​Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды

ERNUR.KZ. Астананың орталық базарында екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жантүршігерлік оқиғаның видеосын әлеуметтік желі қолданушылары таратып жатыр. Видеожазбаның кадрларынан бірнеше куәгердің эскалаторға қысылып қалған қызды шығарып алуға тырысып жатқанын байқауға болады.


Астана әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер видеодағы деректі растады. Олардың мәліметінше, оқиға 22 мамырда елорданың орталық базарында болған.

"Эскалатордағы ақаудың салдарынан 2 жасар қыз зардап шекті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызға медициналық көмек көрсетіп, шұғыл түрде №2 Қалалық балалар ауруханасына жеткізді", - деп хабарлады әкімдік өкілдері. Мамандар ауруханада қызды қарап, қолына гипс таңып берген. "Қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақты, ол амбулаторлық жағдайда емделеді", - деп хабарлады ведомстводағылар.


Бала қауіпсіздігі - бірінші орында! Құрметті ата-аналар! Ойын-сауық, сауда орталығында баланың қауіпсіздігін мұқият қадағалауларыңызды өтінеміз!