​Астанада өзеннен жаңа туған сәби өлі табылды

0
2 304

Сәбидің денесі 24 мамырда Есіл өзенінен табылған.


​Астанада өзеннен жаңа туған сәби өлі табылды

фото park72.ru

Астанада өзеннен жаңа туған сәби өлі табылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл мәліметті қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері растады. Сәбидің денесі 24 мамырда Есіл өзенінен табылған.

"Астана қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша ("Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") сотқа дейінгі тергеу бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сәбидің анасын анықтауға және осы қылмысты ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД өкілдері.