Астанада жас хоккейшіге қақпа құлап кетті: бала комада жатыр

0
1 415

Елорда тұрғындары жас спортшыға қан тапсырды


Астанада жас хоккейшіге қақпа құлап кетті: бала комада жатыр

ERNUR.KZ. Тоғыз жастағы шабуылдаушы Марат Диасқа Астанадағы хоккей жаттығуы кезінде қақпа құлап кетті, деп жазады sputniknews.

Бала Қазақстан чемпионатында ойнап жүрген.

"Бала жан сақтау бөлімінде, комада жатыр, бас сүйегінің бір бөлігін алып тастады", - деп хабарлады шайбалы хоккейден №10 мамандандырылған балалар-жастар спорт мектебінің баспасөз хатшысы Анастасия Байдек.

Бұған дейін желіде балаға қан құю қажеттігі туралы ақпарат жарияланды.

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы донар табылғанын және енді қан керек емес екенін хабарлады. Баланың жағдайы жақсаруын күту ғана қалды.