​Астанада жаттығу залынан шыққан 12 жасар бала жоғалып кетті

0
1 916

Сағат 09:30-да бокстан жаттығуға бару үшін үйінен шығып кеткен.


​Астанада жаттығу залынан шыққан 12 жасар бала жоғалып кетті

сурет:Newtimes.kz.

ERNUR.KZ. Астанада 12 жасар Әзіз Нұркен 30 қазан күні үйінен шығып кеткелі бері оралмаған, деп жазады sn.kz.

«Сағат 09:30-да бокстан жаттығуға бару үшін үйінен шығып кеткен. Жаттығу кезінде бала өзін жайсыз сезінеді. Сөйтіп үйіне сұранып кеткен. Бейнебақылау камерасындағы жазбада баланың сол жердегі диванда бір сағатқа жуық ұйықтап алғаны көрінеді. Содан кейін ғана ол үйіне барған. Алайда, үйде ешкім болмаған соң, қайтадан кетіп қалған», – дейді полиция қызметкері.

Әзіз №70 жалпы орта білім беретін мектепте алтыншы сыныпта оқиды. Ол бұдан бұрын жоғалмаған. Оқушылар сарайындағы бокс секциясына қатысады.