Астанада Жигули Дайрабаевтың қорытынды үгіт-насихат іс-шарасы өтті

0
1 761

Бүгін Астана қаласында «Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаевты қолдауға арналған «Ауылым – әнім» фестивалі өтті.


Астанада Жигули Дайрабаевтың қорытынды үгіт-насихат іс-шарасы өтті

Кандидаттың қоғамдық штабы үгіт, насихат науқанын ауылды сүйетін, ауылды қадірлейтін сайлаушыларымен бірге осылай қорытындылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үгіт-насихат кезеңінде Жигули Дайрабаевтың қоғамдық штабтары ел көлемінде 2500-ден астам іс шара ұйымдастырып, сайлаушылармен кездесулер өткізді. Кандидат агроөнеркәсіптің өндірістік орталықтарына барып, олардың қызметімен танысты, жұмысшы ұжымдардың тілектерін тыңдады.

Сонымен қатар, ол өңір тұрғындары – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, өнеркәсіп қызметкерлерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, ардагерлермен кездесулер өткізді, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Мені кандидаттыққа ұсынған «Ауыл» партиясының негізгі бағыты- ауыл шаруашылығы саласының қарыштап дамуын қамтамасыз етіп, ауылдардың өркендеуіне үлес қосу. Сондықтан да менің бағдарламамның басым бөлігі ауылдарымызды дамыту мәселелеріне бағытталды. Ауыл мен ауыл шаруашылығы ажырамас ұғым. Олар адам арқауы астың атасы мен анасы. Ауыл – әр қазақ қастерлеуі тиіс алаштың алтын қазығы. Ауыл мәселесін мен саяси додаға түскен соңғы бір айда биік мінберлерден барынша көтердім. Мұңы бірдің – мүддесі бір. Ауылдың мүддесі - менің мүддем!», деді қорытынды сөз сөйлеген кандидат Ж. Дайрабаев.