​Астанада жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

0
1 691

Астанада жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза болды.


​Астанада жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

ERNUR.KZ. Астанада жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркістан көшесінде 4 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында тіркелген жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«DODGE CHALLENNGER» маркалы атвокөліктің жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып көлік тізгініне ие бола алмай қалып, бордюрға соғылған. Кейін көлік аударылып, көшені жарықтандыратын бағанға соғылған. Осыдан кейін көліктен өрт шыққан», - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан 23 жастағы жолаушы – Астана қалалық ІІД Жол-патрульдік полициясы жол-патрульдік қызметі полкінің полицейі көз жұмғаны белгілі болды. Ол «DODGE CHALLENNGER» көлігінің ішінде болған.

«Жүргізуші әртүрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды. Сонымен бірге, қалалық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.