​Астанада жұмысына салғырт қараған медициналық мекеме жауапқа тартылады

0
1 070

Қазір бұл істі құзырлы орын өкілдері жіті тексеріп жатыр. Кеше медициналық қалдықтарды Астанадан 30 шақырым жерге төге салған компания қызметкерлері қауіпті заттарды толық жинап кетті.


​Астанада жұмысына салғырт қараған медициналық мекеме жауапқа тартылады

ERNUR.KZ. Астана іргесіне медициналық қалдықтарды төге салған компания жауапқа тартылуы мүмкін, деп жазады Хабар 24.

Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері қауіпті заттарды ашық күйінде қалдырған мекеме ісімен қазір құзырлы орын өкілдері айналысып жатқанын айтады. Олар медициналық қалдықтарды жоюдың өзіндік тәртібі бар дейді. Сондықтан ережені елемей, белгіленген талапты бұзған компанияға міндетті түрде тиісті шара қолданылатын болады.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: – Қазір бұл істі құзырлы орын өкілдері жіті тексеріп жатыр. Кеше медициналық қалдықтарды Астанадан 30 шақырым жерге төге салған компания қызметкерлері қауіпті заттарды толық жинап кетті. Бірақ бұл оларды жауапкершіліктен босатпайды. Медициналық қалықтарды жоюдың арнайы талаптары бар. Көбіне оларды өртеп жібереді.