Астанадағы проблемалы тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін алғашқы траншт бөлінді

0
1 282

Мемлекеттік қаржы қайтарым негізінде беріледі. Бітпеген құрылысты бітіруге бөлінетін қаржыны несие негізінде Астана қаласының мекемеаралық комиссиясы қалыптастырады.


Астанадағы проблемалы тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін алғашқы траншт бөлінді


«Бәйтерек девелопмент» АҚ Астана қаласындағы түйткілді тұрғын нысандарының құрылысын аяқтау үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-на 4 млрд. теңге мөлшерінде бірінші траншты жіберді. Қарыз «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына сәйкес 4 жыл мерзімге бөлінеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елорда Инфо-ға сілтеме жасап.

«Жуырда «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы мен «Елорда құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік және Астана қаласы әкімдігінің арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қаржы бөлу туралы келісімге қол қойылды. Екі жылдың ішінде үлескерлердің мәселесіне 40 млрд теңге бөлінетін болады», – деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алтай Куздибаев.

Мемлекеттік қаржы қайтарым негізінде беріледі. Бітпеген құрылысты бітіруге бөлінетін қаржыны несие негізінде Астана қаласының мекемеаралық комиссиясы қалыптастырады.

Айта кетейік, «Бәйтерек девелопмент»АҚ — «Бәйтерек»Холдингінің еншілес ұйымы – несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының қаржы операторы болып табылады.