​Астанадағы құрылыстардың бірінде жұмысшыға зорлық көрсетілген

0
3 043

Салынып жатқан тұрғын үйдің 27- пәтерінде Оразбаев досын ұрып құлатып, қолын электр сымымен байлайды. Тырнақтарына зақым келтірген соң мардымды жауап ала алмаған. Түрлі дене жарақаттарын келтіріп, қайшымен жарақаттар салған. Одан соң аяқтарына бұрғымен зақым келтіреді. Түнгі сағат үште 9-пәтерге қашып келген бұрынғы сыныптасын ұрып әрі қарай қинай түседі.


​Астанадағы құрылыстардың бірінде жұмысшыға зорлық көрсетілген

Астана қаласында жүргізіліп жатқан құрылыстардың жұмысшға зорлық көрсеткен. Сотталушы сотталушы мен жәбірленуші де Өзбекстан азаматтары. Екеуі сыныптас болған. Жәбірленушінің оң аяғынан 2-3, сол аяғынан 2-5 тырнақтарын жұлып, аяқтарына шығып секірген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотта белгілі болғандай, сыныптастар Астана қаласындағы «Эко-Дом» тұрғын үй кешенінде бірге құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан. Белгісіз себептермен бірі досы мен келіншегі арасында қарым-қатынас бар деп күдіктенеді. Қинап мойындатқысы келген оймен досына күш қолданады. Салынып жатқан тұрғын үйдің 27- пәтерінде ұрып құлатып, қолын электр сымымен байлайды. Тырнақтарына зақым келтірген соң мардымды жауап ала алмаған. Түрлі дене жарақаттарын келтіріп, қайшымен жарақаттар салған. Одан соң аяқтарына бұрғымен зақым келтіреді. Тіпті, тік ішегіне балғаның сабын да тыққан. Түнгі сағат үште қашып кеткен сыныптасын қуып жетіп, әрі қарай қинай түседі.

Күш көрсету салдарынан жәбірленушінің сол көзі ағып кетті. Оң аяғында көптеген жарақаттар бар. Оң қолы кесілген. Бұдан өзге көптеген дене жарақаттары бар. Тырнақтарын жұлып алған аяқтарды етігімен бірнеше рет басқандығы сот шешімінде баяндалады.

Қинауын бірнеше күн бойы тоқтатпаған қылмыскерді келіншегі тоқтатады. Бірнеше күннен соң үйіне оралған келіншек күйеуі мен досы арасында ешқандай байланыс жоқтығын түсіндіреді. Сотталушы бар кінәсін мойындап, кешірім сұрап, қажетті дәрі-дәрмектерін әперген екен. Бырақ, сот отырысы кезінде кешірім сұраудан бас тартып, бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап сот шешіміне қанағаттанбады.

Сот оны ҚР ҚК 110 бабы, 2 бөлімі, 4-тармақшасы бойынша 3,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.