Астаналық дәрігер адам органдарын рұқсатсыз алды деп айыпталды

0
999

Қылмыстық іс ІІМ Тергеу департаментінің өндірісінде жатыр.


Астаналық дәрігер адам органдарын рұқсатсыз алды деп айыпталды

ERNUR.KZ. ҚР ІІМ адам мүшелерін заңсыз алу күдігіне байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Қылмыстық іс ІІМ Тергеу департаментінің өндірісінде жатыр. Ол үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

«Тергеу барысында трансплантолог Ғ. М. Құттымұратовтың органдарды заңсыз трансплантациялауға қатысы бар екені анықталды. Биылғы мамыр айында дәрігер қылмысқа күдікті ретінде ұсталды, оның істері бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 116-бабы, 3-бөлігінде (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою, екі және одан да көп адамға қатысты) және 264-баптың 2-бөлігінде (Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) жаза көзделген», - делінген хабарламада.

Тергеу соты күдіктіні қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің мүддесі үшін алдын ала тергеудің барысы мен нәтижесі жарияланбайды.