Астаналық дәрігерлер үстіне диван құлап кеткен ер адамға ота жасау үшін Ақтауға барады

0
1 058

Нұрлан Тәжібаев үйіне түске асқа келе жатқанда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кеткен.


Астаналық дәрігерлер үстіне диван құлап кеткен ер адамға ота жасау үшін Ақтауға барады

ERNUR.KZ. Астаналық дәрігерлер үстіне диван құлап, сал болып қалған ер адамға ота жасау үшін арнайы Ақтауға барады, деп жазады stan.kz.

Нұрлан Тәжібаев үйіне түске асқа келе жатқанда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кеткен. Соққыға жерге құлаған ер адам есінен танып қалған. Сонымен қатар мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған.

Ескі диван көпқабатты үйдегі ортақ балконда тұрғаны белгілі. Қазір полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда ескі жиһазды биіктен лақтырған адам әлі табылмаған. Жақын маңда бейне бақылау камерасы да жоқ екен. Ал куәгерлердің айтуынша, бұл қабаттан жасөспірімдердің жүргенін көрген. Егер кінәлі анықталса, қатаң жазаға тартылады.