Астаналық құтқарушылар 11 адамды өрттен құтқарды

0
1 679

Адамдарды құтқарумен қатар жанып жатқан пәтерде қалған итті құтқару бойынша да жұмыс ұйымдастырылды.


Астаналық құтқарушылар 11 адамды өрттен құтқарды

ERNUR.KZ. Елордада көппәтерлі үйден өрт шықты. Жанып жатқан пәтерден 11 адам мен ит құтқарылды, деп жазады Елорда Инфо.

«11 қаңтарда 17 сағат 04 минутта 101 өрт байланысы орталық пунктіне Сығанақ көшесіндегі үйден өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткенде 4-қабаттағы пәтерде үй жиһаздары мен киім-кешектердің жанып жатқаны анықталды. Адамдардың өміріне қауіп төнді, тұрғындарды эвакуациялау және барлау жұмыстары үшін газ-түтіннен қорғау қызметі ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру қызметінің 16-МӨСБ өрт сөндірушілерінің жедел әрекет етуі мен үйлесімді іс-қимылдары, сондай-ақ өрт болған орында сапалы барлау жұмысын жүргізу мен шешуші бағытты дұрыс анықтай білуінің арқасында 11 адам құтқарылды. Адамдарды құтқарумен қатар жанып жатқан пәтерде қалған итті құтқару бойынша да жұмыс ұйымдастырылды.

Өрт 17 сағат 19 минутта ауыздықталып, 17 сағат 25 минутта толықтай жойылды, өрттің ары қарай таралуына жол берілмеді.